Жұмыссыз қазақстандықтарға 95 млрд теңге төленді

Сағыныш Сардарова 15 қаз. 2025 09:23

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы жұмыссыздар бойынша деректі жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 285,2 мың адамға жеткен. Бұл ретте биыл 240,5 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалып отыр.

Төлемдердің жалпы сомасы 95 млрд теңге болды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысынан айырылғандар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінен қатысу өтіліне және кейінгі 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлем алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен төленеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар