Жан бағу үшін шетел асқан ресейліктердің таңдауы - Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай, Гермяния, Түркия секілді елдерге түсіпті.
Ал ТМД елдерінің арасында жұмыссыз орыстардың көпшілігі - Қазақстанды таңдаған екен. Бізден кейінгі орында – Өзбекстан тұр.
Мәскеудегі "Левада орталығының" мәліметінше 18 бен 24 жасар ресейліктердің 41 пайызы елден кеткісі келеді.
Қазақстан Статистика комитетінің дерегінше 2018 жылы елімізден 37 725 адам көшкен. Оның 32 874 –і Ресейге қоныс аударған. Төлқұжат ауыстырғанның 72,3 пайызы орыс екен.