Назарларыңызға бүгінгі күнге арналған жұлдыз жорамалды ұсынамыз.
Тоқты
Бүгін сіз үшін бастамаларға толы күн болмақ. Іштей пісіп-жетілген ойларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Асығыстық танытпай, әр қадамыңызды байыппен жасағаныңыз жөн. Жақын жандармен тіл табысу да маңызды.
Торпақ
Сабыр мен тұрақтылық сіздің басты тірегіңіз болады. Қаржылай мәселелерде сақтық қажет. Еңбегіңіздің нәтижесін көресіз, тек төзімді болыңыз.
Егіздер
Көптен бері ойыңызда жүрген жоспарларды іске асыруға қолайлы сәт. Алайда сөзге абай болған жөн. Бір ауыз сөз кейде көп нәрсені шешеді. Жаңа таныстықтар пайдалы болуы мүмкін.
Шаян
Көңіл күйіңіз құбылмалы болуы ықтимал. Өз-өзіңізге уақыт бөліп, ішкі тыныштықты сақтауға тырысыңыз. Отбасылық мәселелерге көңіл бөлу қажет.
Арыстан
Беделіңіз артып, айналаңыз сізге назар аударатын күн. Батыл шешімдер қабылдауға болады, бірақ тәкаппарлықтан сақ болыңыз. Ісіңіз алға басады.
Бикеш
Ұсақ-түйекке мән беріп, шаршап кетуіңіз мүмкін. Ертең артық ойдан арылып, маңызды іске назар аударғаныңыз дұрыс. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.
Таразы
Теңдік пен үйлесімділік іздейтін күн. Қарым-қатынаста түсіністікке ұмтылыңыз. Шығармашылық қабілетіңіз артып, жаңа идеялар келеді.
Сарышаян
Ішкі түйсігіңіз күшейеді. Көп нәрсені жүрекпен сезіп, дұрыс шешім қабылдай аласыз. Құпия әңгімелер мен маңызды ақпараттарға тап болуыңыз мүмкін.
Мерген
Сапарға шығуыңыз немесе жаңа әсер алуыңыз мүмкін. Сондай-ақ серпін беретін жаңалықтарға куә боласыз. Еркіндікті дұрыс пайдаланыңыз.
Тауешкі
Жауапкершілік жүктелетін күн. Еңбекқорлығыңыздың арқасында нәтижеге жетесіз. Басшылық тарапынан сенім артуы мүмкін.
Суқұйғыш
Ерекше ойлар мен тың идеялар келеді. Қалыптан тыс шешімдер қабылдауға бейім боласыз. Дегенмен асығыстықтан сақтаныңыз.
Балықтар
Сезімталдық артып, айналаңыздағы жандардың көңіл күйін терең түсінесіз. Рухани тынығу мен шығармашылыққа уақыт бөлгеніңіз абзал.
