Онда ең алдымен 2017 жылдың қаңтар-шілде айларында атқарылған жұмыстар бойынша 15 минуттық видео ролик көрсетіліп, барлық депутаттарға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайы баяндалған кітапша үлестірілді.
2017 жылдың 7 айының қорытындысымен облыста маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің өсімі сақталған. Мәселен, осы уақыт ішінде облыста 439,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3 пайызға өскен. Ал, өнеркәсіп саласындағы өңдеу өнеркәсібі 301,3 млрд. теңгені құрап, 34,6 млрд. теңгеге артқан.
Баяндамада көрсетілгендей осы жылы негізгі капиталға 229,9 млрд. теңге инвестиция тартылып, бұл республикадағы үлесінің 5,7 % құраған. Өңірге көптеп инвестиция тарту мақсатында жыл басынан бері шетел инвесторларымен 40-тан аса іскерлік кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде, БАӘ – медициналық бұйымдар және дәрілік заттар шығаратын зауыт салу, Ресей елімен – Евро-5 стандартына сай жанар-жағармай өндіретін мұнай өңдеу зауытын салу, ал Қытай елімен бірлесе биоэталон, фосфор тыңайтқышын шығаратын және 200 МВт күн электр станциясы құрылыстарын жүргізу мақсатында келісімдерге келді.
Республика бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан көш бастайтын Оңтүстікте бүгінде жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілері 177 709 бірлікке жетті. Ал, бұл салада жұмыспен қамтылғандар 331 490 адамды құрады. Олармен 158,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілген.
Сонымен қатар, Оңтүстікте осы жылы 52 мыңға жуық жеке фермерлік қожалықтардан біріктірілген 297 кооператив құрылып, 539-ға жетті. Өткен жылға қарағанда 2 есе артқан кооперация құру жұмыстары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы республикада көш бастап отыр.
Сессияда өңір басшысының жұмысын оң бағалаған халық қалаулылары аудан, қаланың дамуы және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытында ұсыныстары мен өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Ж.Түймебаев Мемлекет басшысының көрегендік саясатының арқасында облыстың дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалынғанын айтып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруда бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, әкім аймақ халқының тұрмыс-тіршілігі жақсарып, алға қойған міндеттер орындалып жатқанын және осы бағыттағы жұмыстар әліде жалғасын табатынын жеткізді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі