«Жолаушыны ажалдан арашалап қалған!». Мәжіліс депутаты марапатталды

Dalanews 13 мау. 2022 17:28 786

Air Astana әуекомпаниясы Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуовке 30 сәуірде «Алматы – Сеул» бағыты бойынша ұшқан жолаушының өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді, – деп хабарлайды Айқын газеті.

Осыған орай бүгін Мәжілісте Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің атынан компанияның өкілдері алғысхат пен арнайы сыйлық табыс етті.

– Air Astana әуекомпаниясының басшылығы 2022 жылғы 30 сәуірде  «Алматы – Сеул» бағыты бойынша ұшқан жолаушыға дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз, жауаптылығыңыз және белсенді азаматтық ұстанымыңыз адамның өмірін сақтап қалды, – делінген алғысхат мәтінінде.

Әуетасымалдаушы компания өкілі атап өткендей, ұшақтың бортында жолаушылардың бірінің қан қысымы төмендеп, есін жоғалта бастаған. Бортсеріктер салондағы жолаушылар арасынан медицина қызметкерлерін іздеген. Ер адам көмекке келді.

Ол кейін белгілі болғандай шетелге іс-сапармен бара жатқан мамандығы бойынша дәрігер, Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов болды.


Ғалымжан Елеуовтің  айтуынша, адам ес-түссіз, клиникалық өлім жағдайында болған. Оның қысымы мен тамыр соғуы сиреп, жедел түрде реанимациялық іс-шаралар жүргізілген.

Мәжіліс депутаты жолаушының жүрек қызметін қалпына келтіріп, оның жағдайын жақсартқан. Осылайша, жақын маңдағы қалаға ұшақтың шұғыл қонуы қажет болған, дегенмен 37 жастағы ер адамның жағдайы тұрақтанып, ол әрі қарай ұшуды жалғастырған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар