Қазақстанда жол апаттарының басым бөлігі жүргізушілердің қателігіне байланысты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Мамандардың айтуынша, жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және көлік тізгінінде отырып телефон қолдану – апатқа әкелетін негізгі себептер.
Жыл басынан бері ел бойынша шамамен 3 миллионға жуық құқықбұзушылық тіркелген. Оның 80 пайызға жуығы автоматты бақылау жүйелері арқылы анықталған.
Ереже бұзу деректері ең көп тіркелген өңірлер қатарында Алматы, Астана, Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы және Түркістан облыстары бар.
Өткен жылы Қазақстанда 6 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болды. Соның салдарынан 300-ден астам адам көз жұмып, 8 мыңнан астамы түрлі жарақат алған.
