Атырау облысы Жангелдин ауылында Наурыз бен Мирамгүлді іздеуге бағытталған іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz "Ақ Жайыққа" сілтеп.
Департаменттің мәліметінше, іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық Полиция департаментінің ресми сұрауы бойынша құтқару бөлімшелері тартылып, елді мекен аумағы толық тексерілген.
"Полиция белгілеген барлық учаске толық тексерілді. Қазір Полиция департаментінен іздестіруді жалғастыруға қатысты жаңа тапсырмалар немесе бағыт түскен жоқ", - деп мәлімдеді ТЖД.
Еске салайық, бір отбасын іздеу жұмыстары былтыр 25 желтоқсанда туыстары құқық қорғау органдарына жүгінгеннен кейін басталған еді. Тергеу барысында сарайдан үй иесі мен оның жұбайының сүйегі табылды. Алайда олардың балалары - Наурыз бен Мирамгүл әлі күнге дейін табылған жоқ.
