Мұндағы диқандар көкөніс өнімдері, картоп, қырыққабат, пияз егумен айналысады. Шаруалар алдыңғы қатарлы технологияны қолдана отырып, бір жылда екі-үш рет өнім алу әдісін меңгерген. Биылдың өзінде аталған тәжірибе шеңберінде 29 жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде, ауданның аграрлық әлеуетін артуда.
Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің жұмыс сапары Абай ауылының орталығында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысуға ұласты. Республикалық бюджеттен қаржыландырылған ауқымды құрылыс жобасының аясында 23 көшені толық жөндеу көзделген. Өмірзақ Естайұлы жолдарды жөнге келтіру жұмыстарының талапқа сай, сапалы жүргізілуін қадағалауды тапсырды.
Сапар барысында Өмірзақ Шөкеев Абай ауылы аумағынан өтетін «Араншы – 1» су арнасының техникалық тазалаудан өткізу жұмыстарын да тексерді. Жеті шақырымға созылған су арнасы бітеліп, ағысы баяулаған. Жылдар бойы жергілікті халықты әбігерге салып келген мәселе шешімін тапқанына ел риза.
Көктем – күз айларында су тасқыны қаупі төнсе, егістік мерзімінде шаруалар судан тарығып келген. Соның салдарынан 380 гектар суармалы жерге су жетпей, игерусіз қалып келеді. Жөндеу жұмыстары толық аяқталып, суармалы жүйелер іске қосылған соң Қошқарата ауылдық округіндегі егістік жерлердің аумағын 450 гектарға ұлғайту көзделген.
Облыс әкімі республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойын абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысуға тоқтады. Жоспарға сәйкес жоба қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Түркістан облысы әкімінің бапасөз қызметі