Басқарма басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджеттен 108 үйдің құрылысы жүріп жатса, оның 61-і жыл соңына дейін тапсырылады. Ұлттық компаниялар есебінен 45 үйдің 43-інің құрылысы бітуге жақын. Ал, «Шымкент» ӘКК» АҚ салып жатқан сегіз үйдің алтауы таяу арада пайдалануға берілмек. Жеке кәсіпкерлер есебінен салынып жатқан 102 үйдің алтауының құрылысы жыл соңына дейін толық бітеді деп жоспарлануда. Ал, қалған 147 үйдің құрылысы 2018 жылға өтпелі.
– 2017 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 400,2 мың шаршы метр тұрғын үй яғни 3783 пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 124 пайызға ұлғайып отыр. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің нақты көлемінің индексі 115,7 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 105 пайызға орындалды, – деді Құттыбек Жамашев.
Бұдан бөлек, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда 32 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2016 жылдан өтпелі 19 мектепті ағымдағы жылы пайдалануға беру жоспарланса, бүгінгі күнге 16 мектеп пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін 3 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 13 мектеп 2018 жылы ел игілігіне берілмек. Республикалық бюджеттен 4 мектеп пен 1-мектеп-интернаттың құрылысы жүріп жатыр. Аталған нысандардағы құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады. Ал, облыстық бюджеттен 39 мектеп пен 3 колледждің құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күнге 8 мектеп пайдалануға беріліпті.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына қатысты 38 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда. Соның 5 нысаны пайдалануға берілсе, 29 нысан жыл соңына дейін тапсырылады. 4 емхана құрылысы 2018 жылға өтпелі болып отыр. Қалған 11 өзге де әлеуметтік нысандардың құрылысы 2018 жылы аяқталады.
Биыл мемлекеттік бюджет есебінен 21 инфрақұрылымдық нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 8 нысан пайдалануға тапсыру жоспарланса, 13 нысанның құрылысы 2018 жылға өтпелі. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне 6 нысан пайдалануға тапсырылып, 1485 жеке жер учаскелері инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, 2017 жылы басқарма тарапынан 47 нысанның жобалау-сметалық құжат әзірленуде. Жалпы 47 жобаның 26-сы жаңа, 21-і 2016 жылдан өтпелі. 2017 жылға облыстық бюджет қаражаты есебінен бөлінген қаржыға сәйкес, 20 жобаны аяқтау жоспарланып отыр.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі