Жезқазғанда 15 лауазымды тұлға жазаланды

Көркем Алдабергенова 07 қар. 2024 10:00 1393

Жезқазған қаласының прокуратурасымен тұрақты негізде мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларының сақталуына мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жергілікті атқарушы органдармен қолданыстағы заңнамаға қайшы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектейтін және қиындататын біліктілік талаптарын белгіленген.

Қала прокуратурасы жалпы құны 2,6 млрд теңгеден асатын 6 конкурстың күшін жойды, 15 лауазымды тұлғаға 904 540 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды.

Нәтижесінде прокуратура мемлекеттік сатып алудың барлық қатысушыларына заңнамада көзделген тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңбұзушылықтар бойынша енгізілген ұсынуды тиісінше қарастырмағаны үшін қала әкімінің орынбасары, ТҮКШ бөлімінің басшысы жәнебасқа да лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар