Жетісулық шаруалар астық жинауға кірісті

Dalanews 28 шіл. 2023 06:59 815

Жетісу облысындағы егін ору жұмыстары Ақсу, Алакөл, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Көксу, Сарқан аудандары мен Талдықорған қаласында жүріп жатыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz..

Жетісу облыстық Ауал шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні 46,3 мың гектар масақты-дәнді дақылдар орылып, 85,7 мың тонна астық бастырылды.

Орташа өнімділік гектарына 18,5 центнерден айналып отыр.

– Егін жинау жұмыстарына облысқа 7924 тонна дизель отыны бөлінді. Қазіргі уақытта оператор анықталып, жергілікті оператор ресурс ұстаушы компаниямен келісімшартқа отырған. Оператордың резервінде қазір 500 тонна дизель отыны бар. Сұйық отын беруге шаруашылықтармен келісім шарттар жасалуда, – делінген басқарма хабарламасында.

Жалпы облыста дәнді дақылдар 325,2 мың гектарға себілген, соның 267,2 мың гектары – масақты-дәнді дақылдар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар