Паркте 92 метрлік ту тұғырына Мемлекеттік Ту орнатылған.
Салтанатты шараны музыкалық жағынан әскери оркестр сүйемелдеді.
Ту көтеру салтанатына Жетісу облысы әкімі Бейбіт Исабаев, Мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, әскери қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жастар, қала тұрғындары қатысты.
Шара барысында Мемлекеттік Гимн шырқалып, Мемлекеттік Ту көтерілді. Ресми бөлігінен соң әртістер мен шығармашылық ұжымдар патриоттық әндер шырқады.