– Өткен жылы 80 мың тонна қант қызылшасы алынған. Жеке шаруа қожалықтарынан өнім көрсеткіші әр гектарына 350 центнерден айналады деп болжануда, – дейді Көксу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі .
Қызылша Көксу қант зауытында өңделеді. Бүгінгі күні өндіріс аймағында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Зауытты жаңа жұмыс кезеңіне дайындауға 200 адам жұмылдырылған.
– Қазіргі кезде шикі қантты өңдеудің технологиялық желілерін енгізу бойынша жұмыстар аяқталуда. Алдағы уақытта қондырғыларды бағдарламалық қамтамасыз ету және суда схеманы сынау үшін «Техинсервис Инвест» ЖШҚ мамандары келеді, – дейді Көксу қант зауытының директоры Алтынбек Аббатов.
Бүгінде Көксу, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы шаруа қожалықтарының қызылша алқаптарын таксациялау жұмыстары жүргізілуде.
Анар САБЫРОВА