Алматы облысының әлеуетін көтеруге үлес қосып отырған зауыттың бірі алюминий профилін шығарумен айналысады. Өндіріс орнының жұмысты бастағанына 5 жыл болды.
Зауытта қазір Іле ауданының 150 тұрғыны еңбек етеді. Кәсіпорын ай сайын 1200 тонна дайын өнімді әзірлейді. Өндіріс ошағы озық технологиялармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде дайын өнімді шетел нарығына да шығаруға мүмкіндік беруде.
Кәсіпорында жасалынатын отандық өнімнің бағасы біршама қымбат. Зауыт басшылығы қажетті шикі зат бағасының қымбат болғандықтан өнім бағасына әсер отырғанын алға тартты.
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған тағы бір өндірістік нысан фармацептика зауыты. Жылына 1,5 миллиард таблетка мен капсула шығаратын кәсіпорының дайын өнім отандық нарықпен қоса Грузия, Әзірбайжан, Ауғанстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталуда.
Жоғары да атаған бағдарлама бойынша облыста соңғы өткен 10 жылдың ішінде 64 өндіріс ошағы өз жұмысын бастаған. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды.
Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.
https://dalanews.kz/53482