Бүгінде Талдықорған қаласы бойынша 300 адамға, оның ішінде 54 балаға оңалту қызметі көрсетілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Баяндамашының сөзіне сүйенсек, Алакөл көлінің жағалауында 6-18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балаларға арналған 35 орындық сауықтыру жазғы лагері ретінде жұмыс істей бастаған. Сонымен қатар келесі жылы Талдықорғанда 150 орындық Оңалту орталығының құрылысын бастау жоспарланып отыр.
– Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен және демеушілер көмегімен 14 Инватакси сатып алынды. Сөйтіп инватакси саны 36-ға жетті, – деді Б. Исабаев.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі