Жетісуда жоғалып кеткен балықшылар табылды

Асель Қайратқызы 26 қар. 2025 10:36

Жетісу өңірінде, Ақжар ауылынан үш километр жерде ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары ұйымдастырылды  деп хабарлайды Dalanews.kz.

ТЖМ-нің  Telegram-арнасында мәлімдегендей, 37 жастағы ер адам 22 қарашада достарымен бірге Алматыдан балық аулауға шыққан және одан кейін байланысқа шықпаған. Уайымдаған туыстары облыстық ТЖД көмегіне жүгінді.

«Құтқарушылар кең аумақты, соның ішінде қиын жететін жерлерді де тексерді. Іздеу-құтқару шаралары барысында ТЖД күштері ер адамдарды Ақжар ауылынан 150 шақырым жерде тапты. Олардың көлігі құмға батып қалды, ал ер адамдар өз бетінше шығуға мүмкіндік таппады, бұл байланыс болмауының басты себебі», – деп хабарлады ТЖД.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар