Жетісу облысында жер сілкінді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
ТЖМ мәліметінше, 31 наурызда сағат 11:11-де жер сілкінісі тіркелген. Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде орналасқан.
"Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. Магнитудасы MPV - 5.4", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Жер сілкінісінің күші былай сезілген:
- Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл;
- Жетісу облысы Текелі қаласы - 2 балл;
- Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 2 балл.
