– Экономиканы дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын жақсартудағы маңызды салалардың бірі – жол инфрақұрылымы. 2022 жылы өңірде облыстық маңызы бар 198 шақырым жол, 63 елді мекенде 190 шақырым ауыл ішіндегі жолға 24,2 млрд теңгеге жөнделіп, салынды.
Қазір өңірдегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі – 91%-ды құрайды. Биыл облыстық маңызы бар 221 шақырым жолдың және 73 елді мекенде 247 шақырым ауыл ішіндегі жолдардың құрылысы мен жөндеуіне 33 млрд теңге бөлінді.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында 15 апатты көпірге жөндеу жүргізу жоспарланған, осы жылы жергілікті бюджеттен соның 5-еуін жөндеуге 928 млн теңге бөлініп отыр, – деді Бейбіт Исабаев.