Бүгін журналистерге Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев тозу деңгейін төмендету үшін қандай шаралар қолға алынып жатқаны туралы айтып берді.
Электрмен қамту нысандарының тозу деңгейін төмендету үшін акционердің жеке қаражаты есебінен және қолданыстағы тарифті өсіру арқылы инвестиция сомасын арттыру жоспарланып отыр.
Атап айтқанда, орташа тариф сағатына бір кВт 26,32 теңгеден 28,46 теңгеге дейін, тұрғындар үшін 19 теңгеден 20,54 теңгеге дейін өседі деп көзделген.
Әкімнің айтуынша, 2023 жылы 1,1 млрд теңге болып өзгеретін инвестиция сомасы 2024 жылдан бастап жылына 1,5 млрд теңге болмақ.
Соның нәтижесінде 7 жыл ішінде желілер мен құрылғылардың 12% жаңартылып, тозу деңгейі 15%, яғни 87,2%-дан 72,2%-ға төмендеген.