Жетісу облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Жетісу облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Фото: Антикор

Жетісу облысында Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.


Қазір тергеу жалғасып жатыр.