Жетісу облысында орманшылар браконьерлікпен айналысқан, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Орман шаруашылығы қызметкерлері қызметтік көлікпен заңсыз аңшылық жасаған.
2024 жылдың қыркүйек айында Үштөбе орман шаруашылығының үш қызметкері мен Жетісу облысының бір тұрғыны қызметтік УАЗ көлігімен аңшылыққа шыққан.
Олардың құрбаны Қазақстанның Қызыл кітабына енген жейран болды.
"Сот барлық күдіктілерді "заңсыз аңшылық" бабы бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.
Сотталғандар жейранды өлтіргені үшін 7 миллион теңге көлемінде залалды өтеді.