Жетісу облысының Ақсу ауданында қатты жаңбыр жауып, салдарынан жедел жәрдем көлігі 43 жастағы науқастың мекенжайына жете алмаған, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Алайда жергілікті тұрғын көмекке келіп, дәрігерлерге жылқысын ұсынған. Нәтижесінде науқасқа жедел жеткен фельдшер алғашқы көмек көрсетіп, науқас ауруханаға жеткізілген.
«Бұл менің тәжірибемде бірінші рет болды, бірақ менің орнымдағы кез келген адам солай істейтін еді», - дейді фельдшер.
Науқас Ақсу ауданының шалғай елді мекендерінің бірі Алажиде ауылында тұрады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқас ауруханаға жатқызылған.
"Оны тасымалдауға шұғыл қызметтер қосылды, осылайша әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазір науқас дәрігерлердің бақылауымен емделіп жатыр", - деп жазылған ақпаратта.