Жетісай ауданына 300 млн. теңге инвестиция тартылды

Dalanews 24 жел. 2018 18:35 811

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын өнеркәсіп саласында соңғы 10 айда 3,7 млрд.теңгені құрап, өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 100 пайызға орындалды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 1,7 млрд теңгені құрап, нақты көлем индексі 98,1 пайызға жеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетсай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлімдеді.

Жиын барсында аудан басшысы жалпы ішкі өнім көлемін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында атқарылып жатқан бірқатар шаруаларға тоқталды.

«Бұрынғы іріленген Мақтарал ауданы Елбасы Жарлығымен екіге бөлінуіне байланысты Жетісай ауданында индустриалды инвестициялық аймақ құру жұмыстары жалғасуда. Әзірге жер телімі іздестіріліп, бірқатар жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтсақ, ауданымыздағы сүт өңдеу зауыттарының санын арттыру мақсатында желтоқсан айының соңына дейін Қарақай ауылдық округінен сүтті қайта өңдеу цехы ашылғалы тұр. Аталған жобаның құны 100 мың АҚШ долларын құрайды. Нәтижесінде Жетісай ауданында сүт өңдейтін екі кәсіпорын болады. Оның біріншісі - Асықата кентінде бұрыннан жұмыс істеп келеді. «Ақ алтын Береке» ЖШС-гі 2008 жылы құрылған. Кәсіпорын жылына 400 тонна сүт өнімдерін өңдейді. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Өнімдері негізінен облыс аумағында саудаланады», – деді Жамантай Бейсенбаев.

2018 жылдың 11 айында 300 млн теңге инвестиция тартылды. Атап айтсақ, «Khansuar invest» ЖШС және «Тұңғатар» өндірістік кооперативтері ауданға шетелдік мақта теретін комбайндар, жер жыртуға араналған техникалар және басқа да ауылшаруашылығы техникаларын алып келіп, ауданға қосымша 1 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Қазіргі таңда тиісті құжаттар әзірленуде.

Сондай-ақ, шетелдік инвесторларына зәйтүн майын шығаратын зауытқа қажетті 20-30 гектар жер учасксі ұсынылған. Қазір ұсынылған жерлердің топырақ құрамын анықтау үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек, ауданда баламалы энергия көздерін дамыту арқылы тапшылықты жоюға бағытталған «Компания Кади» ЖШС-ның қуаттылығы 4,8 МВт күн электрстансасы жобасы бойынша жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар