Жетібайда жұмыссыздар "Westoil"-де босаған орынға жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр

Сағыныш Сардарова 21 ақп. 2024 17:54 1730

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындарының бейнеүндеуі тарап жатыр. Онда жиналғандар биліктен "Westoil Software" компаниясында жұмыстан шыққан қызметкерлердің орнына өздерін жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Біз "Westoil Software" компаниясындағы бос орындарға жұмыссыздар арасынан Жетібай ауылының тұрғындары жұмысқа орналасуын талап етеміз", - дейді олар бейнеүндеуде.

Бүгін "Westoil Software" компаниясының басшылығы заңсыз ереуіл басталған сәттен кейін компания 900 000 000 теңгеге шығынға ұшырағанын мәлімдеді. Қызметкерлерге 24 ақпанға дейін жұмысқа оралу ұсынылды, әйтпесе компания олармен еңбек шартын бұзуға және Маңғыстау облысының Қарақия және басқа да аудандарында жұмысқа орналасуға кезекте тұрған азаматтар арасынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға мәжбүр болады.

Компания мәліметінше, 94 қызметкер заңсыз ереуілге қатысудан бас тартып, жұмыс орындарына оралған.

"Westoil Software" ЖШС-да орташа жалақы 735 мың теңге болады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар