Университеттің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
«ҚазҰУ-дың №6 және 8 жатақханасының қирауы және құрбандар туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Құрбан болғандар мен қираған ғимарат жоқ», - делінеді ҚазҰУ таратқан хабарламада.
Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі Алматы қаласының студенттік жатақханаларында жағдай тұрақты екенін жазды.
"Университеттердің жатақханаларының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Студенттер де дін аман.
Жалған ақпаратқа сенбеуді және таратпауды сұраймыз", - делінген жазбада.