Жер сілкінісін хабарлайтын дабыл жүйесі: Әлиевтің компаниясы тергеліп жатыр ма?

Сағыныш Сардарова 20 ақп. 2024 14:44 3567

Алматыда тұрғындар қаңтарда жер сілкінісін сезді. Осы оқиғадан кейін төтенше жағдай кезінде тұрғындарға ертерек хабарлайтын дабыл жүйесі істен шыққаны туралы ақпарат тарады. Кейін бұл Антикордың назарына іліккені белгілі болды. Бүгін брифингте төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтен Алматыдағы жер сілкінісін хабарлайты дабыл жүйесіне қатысты тергеу барысы туралы сұралды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Су жаңа министр бұл сұраққа мардымды жауап бермеді.

"Алматы Төтенше жағдай департаментіне байланысты 23 қаңтардан кейінгі іс-қимылдарға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр Әзірге қорытынды шыққан жоқ. Тергеу барысы, нәтижелері туралы аяқталғаннан кейін білеміз. Тексеріс дабыл жүйесі бойынша және осы жүйені сатып алу жөніндегі іс-қимылдарға байланысты жүргізіледі", - деді ол.

Бұған дейін "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Facebook-те Алматыдағы жер сілкінісі туралы ертерек хабарлауға жауапты және бұл қызметі үшін 1,1 миллиард теңге алған компания Нұралы Әлиевке тиесілі деп мәлімдеген болатын.

Ал одан кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі Алматыдағы жер сілкінісін хабарлайтын дабыл жүйесіне қатысты тексеріс болатынын мәлімдеді.

Тиісті өтінішті ведомствоның Алматы қаласындағы департаменті тіркеген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар