Жер сатып қамалған шенеуніктер бостандыққа шықты

Dalanews 27 шіл. 2016 06:42 845

Тәжікстанның Худжанд қаласында жер учаскелерін заңсыз сатып, пара алды деп айыпталған жоғары лауазымды шенеуніктерге рақымшылық жариялап, оларға қатысты қозғалған істі жапқан.

Тергеу ісінің мұндай шешімі жәбірленушілердің ашу-ызасын туғызды. Олар жер ісін қайта қарауын талап етеді. Жер аламыз деп шенеуніктерге 33 адам ақша берген.

Олардың адвокаты Файзиниссо Воҳидова Озоди радиосына берген сұхбатында 11 жәбірленуші шенеуніктерге қатысты істің қайта қарауын талап етіп жатқанын айтады.

Қамалғандардың ішінде Худжанд қаласы әкімінің орынбасары Дадоджон Абдуллоев, Жерді пайдалану комитетінің төрағасы Абдухалил Ёрматовтар да бар. Оларға қарсы қозғалған қылмыстық іс 2014 жылғы «Амнистия жөніндегі» заңға сәйкес тоқтатылған.

Адвокаттың сөздерінше, жауапқа тартылған шенеуніктер халыққа жер береміз деп, жекелеген адамдардан пара алып, оларға жалған құжаттар берген.

Жер учаскесіне қатысты қылмыстық іс шенеунік пен жер алушылар арасында жүрген делдал Муин Мансуров үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында 2 мың доллар пара алып жатқан жерінде ұсталған соң ашылды.

 

"ҚмД" ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар