Жер сатылмасын: қазақтан өзге ұлт өкілдері неге үнсіз?

Dalanews 24 сәу. 2016 11:14 995

Жер дауы көп нәрсеге көзімізді жеткізді. Қазақтың жері қазаққа ғана керек екен. Демек, Тәуелсіздікті қорғайтын да түптеп келгенде қазақтың өзі болады.

Ал өзгелері ше? Олар да осы мемлекеттің бір мүшесі емес пе? Үкіметтің ақылға сыйымсыз шешім қабылдағанын көздері көріп отыр? Ендеше не тұрыс? Неге үн қатпайды? Біз көпұлтты Қазақстан емеспіз бе? Әлде оларға бәрібір ме? Кім біледі, солай шығар.

Осыдан-ақ көпұлтты Қазақстанда кімнің-кім және қандай екенін ажыратуға болады. Қазақтың құндылықтары үшін күресетін, қазақтың жоғын түгендейтін де – қазақтың өзі. Ал өзгелері...өзі білсін.

Олар мұны бәрібір түсінбейді. Себебі, олардың жері сатылып жатқан жоқ.

Жұмаш Шүйкенов


"Қала мен Дала" газетінің тұрақты оқырманы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар