Жемқорлардан қайтарылған ақшаға Шу тұрғындары таза су ішетін болды

Көркем Алдабергенова 28 мам. 2025 09:35

Прокуратура органдарының жұмысының нәтижесінде Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласының Горгаз, Жанкулиев және Жайсан мөлтекаудандарында қайтарылған активтер есебінен таза ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің құрылысы басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Осыған орай, Шу ауданының прокуроры аудан әкімі, ақсақалдар және Шу қаласының тұрғындарымен бірге уақыт капсуласын салу рәсімін өткізді.

Іс-шара барысында қайтарылған активтерді халық игілігіне тиімді пайдалану жөніндегі жұмыстардың нәтижелері, сонымен қатар Шу ауданында 5 су құбыры объектісін салуға бөлінген қаражат туралы баяндалды.

Бүгінгі таңда 3 су құбыры объектісі бойынша жұмыстар басталды, ал 2 басқа объекті бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар