«Желтоқсан толқыны» субұрқағының ұзындығы – 220 метр. Алғашқы толқыны 86 деген қастерлі саннан басталады. Субұрқақтың 2 жағында пырақтың, барыстың және самұрықтың мүсіндері орналасқан.Толқындар субұрқақтың соңына жетіп, кері қайтқанда Тәуелсіздікті белгілейтін күн мен бүркіттің бейнесіне айналып, Егемендікке ұласып отыр.
Субұрқақ ақ мәр-мәр тастан жасалған. Сондай-ақ, мұндай ең ұзын, түрлі түсті, әрі әсем субұрқақ елімізде алғаш пайда болды.
Салтанатты шара одан ары саябақтағы балалар алаңшасында өтетін мерекелік концертпен жалғасын табады. Сонымен қатар, аталған аумақта қаланың көркейіп, өсуіне үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, «Палау фестивалі», этно-мәдени орталықтардың көрме-жәрмеңкесі өтуде.
08 ИНФО