Төтенше жағдайлар жөніндегі штабтың фейк парақшасында Атырау әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды,- деп хабарлайды Dalanews.kz ATPress-ке сілтеп.
Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Атырау әкімі жедел штаб отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады.
"Төтенше жағдай аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы бір рет еске саламыз, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қабылдау үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың фейк парақшасы иесін іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.