Желаяқ Марат Жыланбаевқа шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды

Dalanews 19 қаң. 2024 06:20 1003

Марат Жыланбаевқа шығарылған сот үкімі өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Азаттыққа" сілтеп.

Астана қалалық соты апелляциялық шағымды қанағаттандырмады. Бұл туралы адвокат Мейіржан Досқараев айтты.

Марат Жыланбаевтың апелляциялық соты жабық түрде онлайн өтті.

Айта кетейік, былтыр 29 қарашада Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында тыйым салған экстремистік ұйымды қаржыландырғаны, оның қызметіне қатысқаны үшін Жыланбаевқа үкім шықты.

Сот мәліметінше, ол Қазақстан аумағында тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" экстремистік ұйымының жақтаушысы болып, ҚДТ көшбасшысымен және оның шетелдік штабымен байланыста отырып, олардан Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымын күштеп өзгерту мақсатын көздейтін тапсырмалар мен нұсқаулар алған.

Осылайша, сот үкімімен Жыланбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, қоғамдық-саяси қызметпен, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары мен телекоммуникация желілерін пайдалану құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.

Сурет: kaztag.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар