Жазушылар Одағын 30 жылға жуық басқарған Нұрлан Оразалин Шахановпен қоштасуға келмеді

Қаракөз Амантай 21 сәу. 2026 15:54

Қазақстан Жазушылар одағын ұзақ жылдар басқарған Нұрлан Оразалин ақын Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсіміне келмеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Әзірге Нұрлан Оразалиннің қоштасу рәсіміне себепті қатыспағаны туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Еске салайық, бүгін Алматы жұртшылығы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсімі Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында өтті. Қаралы жиында зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қырғызстан делегациясы және қарапайым халық жиналды.

Жиынды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов жүргізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жеткізді. Хатта Мұхтар Шахановтың қазақ поэзиясы мен ұлттық руханиятқа қосқан зор үлесі атап өтілді.

Сонымен қатар Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қатысты. 

Мұхтар Шахановтың денесін Түркістанға чартермен алып кетті. Бұл туралы депутат Қазыбек Иса хабарлады. 

"Ақиық ақын Мұқтар Шаханұлы ағамызды арнайы чартер ұшақпен алып кетіп барамыз киелі Отырар, қасиетті Аарыстанбап еліне. Алматы қимай шығарып салды", - дейді депутат. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove