Жазғы демалыста Сәкен Майғазиев жүгері жинады

Dalanews 24 там. 2016 05:40 943

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев демалысын ауылдағы анасының жанында өткізіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

МузART тобының әншісі Сәкен кезекті демалысын өзге әншілер секілді шетелде немесе демалыс орындарында емес, ауылда, егістіктің басында өткізіп жатқан көрінеді.

Бұл туралы оның Instagram желісіндегі парақшасынан белгілі болды.

Бұдан бір күн бұрын Сәкен Шымкент маңындағы Созақ ауданында тұратын анасының үйіне баратынын хабарлаған болатын.

«Сүйейін қолыңды ұстап, Жұмақтың жолын нұсқап... Бисмилләh! Әжелеріне немерелерін иіскетуге ауылға тарттық. АЛЛА - ұлық!», – деп жазды әнші парақшасына.

Енді, міне, ол немерелерін иіскетіп, маңдайынан сүйгізу үшін анасына барып, ауылдағы үйіндегі суреттерін салып, желі қолданушыларының алғысына бөленді.

#dalanews saken_maigaziev. 01– Аман-есен анамызбен қауыштырған Аллаға мақтау болсын. Раxат Рәкең мен Мәкеңдікі болып жатыр. Анама сәлемдеріңізді жеткіздім. Сіздерге де батасын беріп жатыр, – деп жазып, әнші қарт анасының суретін салды.

Сәкеннің ауылдағы қызықтары мұнымен біте қоймады. Тыңдармандар әншінің ауылға барып, тек жатпай, «еңбек еткеніне» де куә болды. Ол қара шаңырақта жүріп, оқырмандарын «жүгері жинау және оның жолдарымен» таныстырмақ болды.

Егістікте жүгері жинап жүрген жерінен қолданушыларға ыстық сәлем жолдады. Бұл тұста оқырмандар Сәкеннің тағы бір құпиясын біліп қойды. Сәкеннің жүгері мен жоңышқаға аллергиясы бар екен. Бірақ туған ауылына аунап-қунауға келген әнші үшін бұл кедергі емес секілді. Бетіне сүлгі жауап алып тұрып, әнші «басты жұмысына» кірісіп кетті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар