Жайық өзеніндегі судың шекті деңгейіне 5 сантиметр қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы жариялаған мәліметтер бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейінің 13 мамыр сағат 08.00-дегі өзгерісі:
- Индербор + 5 сантиметр, су деңгейі - 1038 сантиметр, шекті деңгейі - 845 сантиметр;
- Махамбет + 11 сантиметр, су деңгейі - 966 сантиметр, шекті деңгейі-850 сантиметр;
- Атырау қ. + 7 сантиметр, су деңгейі - 545 сантиметр, шекті деңгейі-550 сантиметр;
- Жаңаталап ауылы + 5 сантиметр, су деңгейі-391 сантиметр, шекті деңгейі-500 сантиметр;
- Еркінқала + 5 сантиметр, су деңгейі-351 сантиметр, шекті деңгейі-450 сантиметр.
ТЖМ мәліметінше, Атырау облысының Индербор ауылында үйінді құрылыс телімінде су сору жұмыстары жалғасып жатыр. Түнде қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта ауылды су басу қаупі жоқ.