Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жайық өзеніндегі су деңгейі 9 мамырда сағат 20.00-де былай өзгерді:
- Индербор +13 см, су деңгейі - 1005 см, шекті деңгейі - 845 см;
- Махамбет +4 см, су деңгейі - 915 см, шекті деңгейі - 850 см;
- Атырау қ. +3 см, су деңгейі - 525 см, шекті деңгейі - 550 см;
- Жаңаталап ауылы +2 см, су деңгейі - 377 см, шекті деңгейі - 500 см;
- Еркінқала + 2 см, су деңгейі - 337 см, шекті деңгейі - 450 см.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін екені айтылды.
Ал әкімдік мәліметінше, су тасқынының алдын алу шараларының 92%-ы орындалған. Жұмысты тиімді жүргізу үшін қала 111 секторға бөлінген. Ұзындығы 482 км қорғаныс бөгеттері салынды, аяқталған учаскелер техникалық қадағалау арқылы тексерілді. Жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұланның 6 мыңға жуық әскери қызметшісі, әкімдік қызметкерлері, 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған.