Freedom Inside '26

Жайық пен Қиғаш табаны тереңдетіледі

Жайық пен Қиғаш табаны тереңдетіледі
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов халықпен есепті кездесуінде Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстары жалғасатынын атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

– 2017-2020 жылдары Жайық, Қиғаш өзендерінің 152 шақырым аумағындағы табанын тереңдету жүргізілді. Нақтылап айтсам, биыл Қиғаштың 17 шақырымында осындай жұмыстар жасалады. Алдағы жылдары 295 шақырым өзен түбін тереңдетуге жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып, сараптамаға жолданды, – деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Спикердің атап өтуінше, бұл жұмыстар экологияны жақсартумен қатар, балық қорын молайтуға мүмкіндік береді.​