«Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы жалғасады

Dalanews 13 ақп. 2025 00:55 826

2023 жылы Батыс Қазақстан облысында жастарға арналған «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған болатын. Бұл бағдарлама жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып отыр, – деп хабарлайды Dalanews.kz Батыс Қазақстан  облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру үшін былтыр облыстық бюджеттен 600 млн теңге қаражат бөлінді. Өткен жылы мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, коммуналдық кәсіпорын, білім беру саласы және жергілік атқарушы органдарында қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер санаттары бойынша өтінімдер қабылданды. Бағдарлама аясында барлығы 1040 өтінім қабылданып, 41 жас қоныс тойын тойлады.

Биылғы жылы да аталған бағдарламаны жүзеге асыруға деген сұраныстың жоғарылығына байланысты, өткен жылғымен салыстырғанда бірқатар өзгерістер еңгізілді. Тұрғын үй сатып алудың шекті сомасы 15-тен 18 млн- ға дейін көтерілді.

Бағдарламаға қатысушы жастар санатына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестігінде қызмет атқаратын жастар санаттары қосылып отыр.

Биылдан бастап БҚО Цифрлық технологиялар басқармасымен бірлескен арнайы сайт жасақталуда. Бұл өтінім берушілерге ыңғайлы платформа болмақ. Кандидаттар электронды цифрлық қолтаңба арқылы қажетті құжаттарды тіркей отырып, өтінімді толтырып бағдарламаның қатысушысы атана алады.  Бұдан бөлек, облыстық маслихат шешімімен аталған бағытта қосымша 1 323 млн теңге қаражат бөлінді.

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар