Кездесуге, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚМДБ Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев және ҚМДБ Баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.
Ресми кездесуде жастарға дұрыс діни ақпарат жеткізу, діни оқыту-ағарту жүйесін жетілдіру, имамдардың білімі мен тәжірибесін шыңдау, елімізде қалыптасқан дінаралық келісімді одан әрі нығайту, халыққа діннің адамгершілік, жалпыға бірдей мейірбандық құндылықтарын насихаттау сынды маңызды мәселелер жан-жақты талқыланды.
Министр Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі дінаралық келісімді нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдіріп, осы бағытта дін қызметкерлері тарапынан нәтижелі жұмыс жүргізіле беретініне сенім білдірді.
ҚМДБ Баспасөз қызметі