«Қазақстанда істеген 20 жылдан астым уақыт бойы біз шынайы табысты энергетикалық серіктестік тек мұнай мен газды барлау және өндірумен шектелмейді деген ұстанымды дәлелдеп келеміз», – деді шараға қатысқан«Шеврон» корпорациясы Директорлар кеңесінің төрағасы және Бас атқарушы директоры Джон Уотсон. «Біз осы ұстанымымыздың негізінде Қазақстанды аймақтық «экономикалық күшке» айналдыруға көмектесетін жергілікті тұрғындардың дағдыларын дамыту бағдарламаларын жүзеге асырудамыз. Атырау жастарына қазіргі таңда салған инвестицияларымыз олардың қоғамға ұзақ жылдар бойы пайда әкелу қабілеттерін арттырады және болашақтағы әртүрлі мүмкіндіктерді өз пайдасына жаратуға көмектеседі деп сенеміз» деді өз сөзінде Уотсон.
«Шевронның» мұрындық болуымен қабырға көтеретін Жастар сарайы көп салалы, көп мақсатты оқу орталығы ретінде қызмет көрсетіп, Атырау жастарына білім беру, кәсіби және әлеуметтік шаралары мен бағдарламаларын ұсынатын болады. «Шеврон» компаниясы Атырау облысы әкімдігінің тұрақты қолдауына сүйене отырып, Жастар сарайының қала және облыс тұрғындары мен келешек ұрпақтары үшін ұзақ жылдары қызмет ететін нысанға айналатынына толықтай сенеді.
«Шеврон» компаниясының
үкіметпен және жұртшылықпен
байланыс департаменті.