Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған кәмелетке толмағандар әшкереленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жетісу облысында кәмелетке толмаған үш жасөспірім жалған банк чектерін жасау үшін жасанды интеллект (ЖИ) құралдарын пайдаланып, сатушыларды жаңылыстыру арқылы тауарларды бірнеше рет жымқырғаны анықталды.
"Бұл дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен азаматтарды сақтықты күшейтуге шақырады", - деп жазылған хабарламада.
