Республикалық іс-шара жасөспірімдердің виртуалды кеңістікте және отбасы, мектеп, қоршаған ортадағы құқық бұзушылықтың алдын алу және агрессия деңгейін төмендету, білім беру деңгейінің барлық педагогтерінің әріптестік қатынастарын кеңейту және тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді. 230-дан астам педагогтер қатысқан вебинар модераторлары: Кулен Фарида Жумабековна, Смаилова Зере Осербаевна болды.
Вебинардың бағдарламасына сәйкес арнайы мамандар мен педагогтердің жасөспірімдер арасындағы түсініспеушіліктен туындайтын қақтығыстардың алдын алу тақырыбындағы баяндамалары тыңдалды. Атап айтсақ, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы, мазмұны жаңартылған білім беру бағдарламсы бойынша тренер, гуманитарлық ғылымдарының магистрі Есентаева Айжан Ыдырысқызы «Қазіргі таңда нақты туындаған жағдайға байланысты баланың құқығын қорғау шаралары» тақырыбында баяндама жасады. Айжан Ыдырысқызы өз сөзінде Мәңгілік елдің құндылықтарына тоқталып, азаматтық жауапкершілік бағдары мен балалардың құқықтарының қорғалуы жөнінде заңнамаларға нақты тоқталып өтті. Баяндамашы балалар құқығының отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте, тіпті балалардың өз қатарларының ортасында жиі бұзылатынын айтып, нақты дәл қазіргі онлайн оқыту жағдайындағы кездесіп жатқан оқиғалар төңірегінде мысалдар келтірді. Айжан Ыдырысқызы іс-шараға қатысқан әріптестері мен мамандарды бала құқығын қорғау жөніндегі заңдарды жүзеге асыруда құқықтық тұрғыда сауатты болуға шақырып, бала құқығын қорғауға арналған заңдарға және балалаларды қорғауға арнайы күндер белгіленгенін ескертті.
Вебинар соңында қатысушыларға институт тарапынан сертификат, баяндама жасаған қызметкерлер мен мамандарға алғыс хат тапсырылды.
П. Асылбек, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ