Жасанды интеллект қызметкерлердің орнын толық баса алмайды — министрлік

Қаракөз Амантай 01 сәу. 2026 17:53

Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрландыру үдерістері еңбек нарығына түбегейлі өзгеріс әкелмейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бақтияр Жазықбаевтың айтуынша, елдегі жұмыс процестерінің басым бөлігіне нейрожелілер мен роботтар тікелей әсер етпейді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл қорытынды министрлік пен Еңбек ресурстарын дамыту орталығы бірлесіп жүргізген талдау нәтижесінде белгілі болған. Зерттеу барысында цифрлық технологиялардың жұмыспен қамту саласына ықпалы сараланған.

"Жүргізілген талдау көрсеткендей, жұмыс процестерінің 87 пайыздан астамы цифрландыру мен жасанды интеллект енгізілген жағдайда да айтарлықтай өзгеріске ұшырамайды. Белгілі бір бағыттарда ғана нақты өзгерістер болуы мүмкін, алайда жалпы еңбек нарығында ауқымды қысқару күтілмейді", - деді Бақтияр Жазықбаев.

Сонымен қатар вице-министр жасанды интеллект ең алдымен біліктілігі төмен жұмыс орындарына әсер етуі мүмкін екенін айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove