– Мен «қорғалуым керек» деген қағиданы ұстанамын. Өйткені туризм саласында жұмыс істеймін, студенттерге сабақ беремін. Сондықтан мен өзімді, жақындарымның денсаулығын алаңдаймын. Алғашқы күндері Алматы қаласында жаппай вакциналау барысында екпе алдым. Мен медицинаға, ғылым мен білімге сенемін, – дейді Ел-Дана.
Жас оқытушы вакцинадан кейін жанама әсер болмайтынын айтты. Керісінше, вакцинаның арқасында оқушылар мен мұғалімдер мектеп қабырғасында білім алады, сондай-ақ күнделікті өмірге оралудың ең тиімді жолы.
Ел-Дана Сұраншиеваның айтуынша, КВИ вакцинасымен өзара әрекеттесу кезінде асқынуларды алдын алу үшін тексеруден өтіп, дәрігерлер сіздің жағдайыңызды білуі керек.
– Әрбір азамат өзі үшін де, басқалар үшін де қаншалықты маңызды екенін түсініп, өзін моральдық және физикалық тұрғыдан дайындауға тиіс. Менің отбасым вакцина мәселесіне ерікті түрде келді. Ата-анам қытайлық «Hayat-Vax» вакцинасын алды, ал мен «Спутник V» вакцинасын таңдадым. Менің таныстарым да коронавирусқа қарсы екпе алды. Біз бірге КВИ-ге қарсы күресті күшейтеміз, – деді.