«Есіктен есікке» науқаны аясында үміткер-кандидаттар аудан тұрғындарының шаңырағына барып, үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесу өткізуде. Жүздесуде, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіріп, ауыл тұрғындарының өтініш тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.
Ауданның ауылдары мен кенттерінде тұрғындар арасында өткізілген кездесулер барысында «Nur Otan» партиясы еліміздегі әлеуметтік мәселелерге (білім беру және дәрі-дәрмек сапасы, тұрғын үйдің қол жетімділігі, халықтың әлсіз топтарына көмек және т.б.) баса көңіл бөлінетіні айтылды. Үміткерлер қарапайым ауыл тұрғындарына бұл бағытта жұмыстарды «Nur Otan» партиясының үміткерлері жіліктеп түсіндіріп берді.
Өз кезегінде Жарма ауданының тұрғындары партияның бастамаларын қолдайтындықтарын, 2021 жылдың 10 қаңтардағы сайлауға деген оң көзқарастарын, оның маңыздылығын, сондай-ақ ел тәуелсіздігі тарихындағы «Nur Otan» партиясының орны ерекше екендігін жеткізді.
(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)