Жиынға қатысқанымызда аудан басшысы үстіміздегі жылдың соңғы айларының қорытындысы бойынша өндірістің өнім көлемі 6,5 млн. Теңгені құрағанын алға тартты. Қазіргі таңда Жарма ауданында индустриаландыру картасы бойынша маңызды екі жоба іске асып жатыр екен. Оның бірі құрамында алтыны бар кен көздерін өңдейтін «Артель старателей Горняк» серіктестігінің жобасы. Кен өндірісіне белді бекем буған серіктестік жаңа зауыттың құрылысы аяқталғанда жылына 250 мың тонна кен өңдеуді көздеп отыр. Бұл жобаны құны 7,7 млрд. Теңгені құрайды.
Ал екінші жоба «Жаңғиз - Солар» компаниясы Жаңғыз төбе ауылында күн сәуелсінен қуат өндіретін электр стансасының құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқанын баспасөз мәслихатында Нұрлан Садықов алға тартты. Жыл сайын 30 мегават қуат көзін өндіретін жобаның құны 18 млрд. Теңгені құрайтынын айта кетуіміз керек.
Сонымен қатар ауданның геогарфиялық орналасуы аймақта туризм саласын өркендетуге мүмкіндік беретінін тілге тиек еткен аудан әкімі республикалық маңызды жолдың бойында жолаушыларға қызмет көрсететін кешендер салынғанын айтты.