Жалпы Мешіт төрт мұнаралы, бір мезетте мың екі жүз адам намаз оқи алатын, іші – кірсең шыққысыз қазақы ою өрнектермен көмкерілген - қаланың әсемдігін арттыра түскен ерекше ғимарат болды.
Мешіттің ашылу салтанатына еліміздің түпкір-түпкірінен белгілі, елге танымал адамдар келіп лебіздерін білдірді.
Жаркент тұрғындарының кеудесін қуаныш кернеген жайдары жүздерін көріп, Алланың үйіне деген махаббаттың барлығына куә болдық.
Бұл мешіттің салынуына үлес қосқан барлық адамдарға Алла Тағаланың мейрімі болғай!
Дереккөзі: muftyat.kz