Жоғарғы Сот төрағасының бұрынғы кеңесшісі, экс-судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, Қарлығаш Құрмашқызы Тәткеева 2025 жылдың 20 маусымынан бері іздеуде. Іс Қарағанды облысында тіркелген. Іздеу жұмыстарын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті жүргізіп жатыр. Бұл дерек құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған.
Тәткеева Жоғарғы Сотты Жақып Асанов басқарған кезеңде азаматтық істер бойынша төрағаның кеңесшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар ол әр жылдары Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Астана қаласының сотында судья болған.