Жапониядағы премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
8 тамызда Астана уақытымен сағат 12:42-де магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпу ошағы Жапонияның Кюсю аралының оңтүстік бөлігінде, Миядзаки қаласынан солтүстік-батысқа қарай 14 шақырым жерде орналасқан.
Фумио Кишида бүгін Астанада өтетін "Орталық Азия – Жапония" кездесуіне қатысу керек еді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида арасындағы екіжақты келіссөздер 10 тамызға жоспарланған болатын.
Сапар барысында Жапония премьер-министрі Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолияға баруы тиіс еді.