16 тамыз күні Қостанай облысынан келген турист Жапония павильонына 500 000-ыншы адам боп келген. Ол өз сөзінде осы көрмеге келгені үшін өзін бақытты сезінетінін, Жапония павиьлонында күтпеген сыйлыққа тап болғанын жеткізді. Нұрым Аманғараевтың айтуынша, Жапония – елі шынымен де технологиясы дамыған әрі өзінің көрмеге жаңа идеяларын ұсына білген санаулы елдердің бірі. Оған Жапон павильонында «Smart Mix with Technology» тақырыбы негізге алына отырып, Жапония технологиялық күшімен бүкіләлемдік проблемаларды шешу үшін өз үлесін қосу ниеті қатты ұнаған. Егер жолым түссе, 2025 жылғы Халықаралық көрме өткізілу орнына кандидат Осака қаласына да бару арманы екенін жеткізді. 2025 жылы Халықаралық көрме Жапония қаласында өтуі мүмкін деп болжануда. Осы көрме аясында Осака қаласы туристерге жан-жақтылы таныстырылып жатыр.
Жапон павильонының директоры Щибамото Хидэкадзу Жапонияның танымал жоғары технологиялары туралы ғана емес, жапондардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы және табиғаты мен мәдениеті жайында барынша көптеген адамдар білсе екен деген ниетпен, әрбір көрмеге келушілерді ілтипатпен күтетіндерін айтты.
Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі 2017 жылы 10 маусым (сенбі) мен 10 қыркүйек (жексенбі) аралығында Астанада өтеді. 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым «Болашақ энергиясы» мен мәдениетін таныстыратын экспозицияларын ұсынып, өздерінің тарихы мен салт-дәстүрін де көрсетуде.
Өзіндік мәдениетімен ерекшеленетін Жапон елінің павильоны көрмеге келушілерді дизайндік, ұйымдастырушылық және тақырыпты мейлінше ашуымен жұрт ықыласына бөленіп отыр.